Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдағы тіл тәжірибесінде жүрген кезінде, яғни 1983 жылы жасалған сирек кадрларымен бөлісті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл видеода мемлекет басшысының 1983 жылы пекин лингвистикалық университетінде оқып жүрген шағындағы суреттері жинақталған. Аталмыш суреттерді университеттің ұстазы Лю Шициньөзінің жеке мұрағатында сақтаған", - деп жазды Берік Уәли.
Лю Шицинь есімді ұстаз Тоқаевты білімге құштарлығының, жақсы үлгерімінің нәтижесінде есінде сақтапты.
"Мен олардың тобына сабақ бердім. Бір таңқаларлығы - осы топқа лекция оқып тұрған сәттегі суреттердің сақталуы", - дейді Лю Шицинь.
Ұстазы сол уақытта болашақ президенттің қытай тілін еркін меңгергенін, кез-келген тақырыпта пікірталасқа түсе алатынын айтады.
"Қарым-қатынасы жақсы, белсенді студент үздіктер қатарына тез кірді. Оған газеттерді оқып, өз ойын бүкпесіз айтқан ұнайтын. Осы қасиеттері оған жетістікке жетуіне көмектесті", - дейді ұстаз.
Пікір қалдыру