Түркістандық тәрбиешілердің лагердегі балаларды ұрып-соққан видеосы пайда болды (видео)

/image/2019/08/16/crop-340_258_287x382_snimok-ekrana-1372.png

Әлеуметтік желіде түркістандық лагердегі тәрбиешілердің балаларды аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Танымал заңгер Айгүл Орынбек аталмыш оқиғаның Түркістан облысына қарасты Бүргіліктегі "Сұңқар" лагерінде болғанын айтты. 

"Тәрбиеші балаларды теуіп, боқтап ұруда.  Облыста құрылыс оңып тұрған жоқ. Білім, тәрбие беретін орындарымыздың сиқы мынау. Арыстың балалары қазір үйлері біткенше лагерлерге жіберілген. Ата-аналары балаларымыздың демалып жатыр деп ойлап жүр ау! Қайдан білсін таяқ астында жүргенін! Ал лагерлер Сталин кезіндегі "Алжир" лагеріне ұқсап тұр. Ал балалардың құқығын қорғайтын обудсмен Аружан Сайн әу деңіз, мынау не масқара?!", - деп жазды Айгүл Орынбек. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар