Ақтауда мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Бүгін Ақтауда Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай мемлекеттік қызметкерлер арасындағы «Спорт - денсаулық кепілі» қалалық ІІ Спартакиадасының волейбол бағдарламасы бойынша әйелдер арасында жарыс өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Аталған жарысқа 4 мемлекеттік мекемеден 48 спортшы қатысты. Тартысты өткен кездесулер нәтижесінде І орынды Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті иеленді. Ақтық сында қарсыластарына есе жіберген Маңғыстау облысының әкімдігі жүлделі ІІ орынды қанағат тұтты. Жарыстың үшінші орын иегері - Ақтау қаласы әкімдігінің құрамасы. Жеңімпаздар дәрежелі дипломдар және медальдармен марапатталды.

Қатысты Мақалалар