Орталық Азиядағы ең үлкен қала Үрімжінің биік зәулім ғимараттарының бірі - 17 қабатындағы бірнеше серіктестікті қол астына қамтыған «Керуен импорт-экспорт шекті жауапкершілік серіктестігінің» директоры арғы бетте «Атымтай жомарт» атанған кәсіпкер «Қамшы» ақпараттық порталының “Қазақ хандығына 550 жыл” төсбелгісімен марапатталған. Есбол Мұхамаданұлы ағамыздың кабинетінде ауылдан алдырған қысырдың қымызын іше отырып әңгімеде отырмыз.
- Бауырым мына әнді сен секілді біздің қаламыздың келіп- кетіп тұратын сыйлы қонағының біреуі жазған.
- Қандай ән?
- Алдымен тыңдаң көр.
Ән құлақтан кіріп жүрекке жетіп жатыр. Сағыныш пен сезімнің ырғағы жаныңды еріксіз тербетеді. Әнді жазған адаммен орындаушы егіз секілді. Бірінің бағын бірі ашып тұр.
Жасы қырықтың бел ортасындағы қара торы, орта бойлы ағамыз әңгіменің тиегін одан ары ағытты
Осыдан біраз бұрын Ақтөбеден маған Биағам хабарласып «Ассалаумағалайкум Есболжан бауырым! Денсаулығың қалай? Амансыңдарма? Әруақытта сенің Биаға, аға деген жағымды сөзің мен үшін үлкен құрмет. Саған есқатардай аға болып көрінбесем де, әйтеуір ағалық шын көңілімді білесің, сені туған інімдей көремін. Жаңа өзің тыңдаған өлеңді жазғанда сезімде болғанымды білесің. Қашан Шыңжаңға барсам да сендердің қошаметтеріңе, ықыластарыңа, ниеттеріңе ерекше ризамыз. Бұл ән арғы беттегі қандастарымыздың қазақы қонақжайлылығы мен ақпейіліне, ізгіліктері мен мейірбандылықтарына, құрметтеріне арналған алғысымыз. Сен өткенде дөп басып айттың, сол бір кешкі қонақасыда отырғанда Үрімшідегі сенің сыныптас қыздарыңмен қарындастарыңның әдеп ибасы, қазақ қызына тән сыпайылығымен биязылығына арналған ән ғой. Тағы бір жүректі толқытар бір сезім болған, оны өзің білесің. Сондада бұл ән Үрімшідегі барлық шіркін қазақтың қызы осындай болса екен деген қара көз қарындастарымызға арналады. Алла қаласа, осы әнді жазушы әрі орындаушы Қанат Айтбаев досыңмен бірге сіздерге барып бейнебаян түсіріп қайтсақ деген ойымыз бар. Ең бастысы жан досымыз саған ұнағанына қуанамыз. Бұл әнді Қазақ радиосы өте тамаша ән деп алтын қорға салып қойды.»,- деген ватсаптағы жазбаны қойып берді
Сөз арасында жүрек толқытар бір сезім болды деп айтып қалды ғой, негізі бұл әннің астарында бір сыр бар секілді.
Дұрыс айтасың, жаңағы Би ағам деп отырғаным Ақтөбе қаласында тұратын Біржан Қалмағамбетов деген бірге тумасақ та бірге туғандай болып кеткен ағам. Жаңа жылда хабарласып жанына досытарым өнерлі отабасы -Айтбаевтар және академик ағамыз Алтай Тайжановпен бірге келетінін айтты. Әсіресе Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов ағаға құрметім шексіз. Би ағаммен Қанат досыма Үрімжідегі қазақтың ықыласымен сол кештегі қарындастармызбен менің курстар қыздарымның қазақи мінезі ұнаған болу керек. Кетер кеткенше алғыстарын жаудырумен болды. Оларды біраз адам аттанарларында әуежайдан ұшаққа шығарып салдық. Кейін бір әңгімеде Би ағам “Есболжан сендер аттаныдырып салған күні, бір қарындасымыз қоштасарда қолымды қатты қысты” деді. “Қыз бала бекер қолды қыспайды-ғой, сізге ғашық болып қалған шығар” дедім әзіл-шыны аралас. “Бәсе, сол кезде денемді бір жалын шарпып өтті” деп ақкөңіл Би ағам ұялыңқырап қалды. Текті адам ғой, ойында ешқандай бір кір жоқ, оның талай рет куәсі болғанбыз. Сол әңгімеден кейін міне жаңа тыңдаған әнді жіберіп, шүйіншілеген тілегі сол.
Ол ару кім болды екен?
Би ағам айтқандай ол аруды осы Үрімжідегі қазақ қызы атына лайық қара көздердің бірі деп түсінсең болды- деді Ес ағам.
Ия, Би ағамыз секілді бізде бұл қалаға іссапармен жиі келіп-кетіп тұрамыз. Миллиардтың ішінде жасап жатсада, дінімен тілін қазақтық болмысын сақтап жүрген қандастарымызбен, қазақтың бар ұятымен арын бойына жиған қарындастарымызға дән ризамыз.
Әлібек Ыдырыс