Павлодарда Маңғыстау облысының күндері өтті

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Павлодарда Маңғыстау облысы күндері өтіп жатыр. Республиканың батысынан келген шығармашылық ұжыммен бірінші болып Ақтоғай ауданы танысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Аудандық Мәдениет үйінде «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің және «Жорға» халық би ансамблінің шығармашылық концерті өтті. Облыс орталығында Шыңғыс Айтматов туындысының желісі бойынша сахналанған Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының «Ана - жер ана» спектаклі өтті. Бұдан басқа, Павлодар облысына Маңғыстаудан бизнес делегация келді. Кәсіпкерлер «Казэнергокабель» АҚ, «Павлодар» АЭА, «KSP Steel» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-ға барды. Маңғыстау бизнесмендерімен кездесу барысында Павлодар облысының агрошаруашылығы «Маңғыстау жеміс-көкөніс терминалы» ЖШС-мен жалпы сомасы 7,5 млрд теңгеге 100 мың тонна картоп, 50 мың тонна жеміс жеткізуге уағдаласты. Маңғыстау облысының Мәдениет күндері аясында Естай атындағы Мәдениет сарайында Гала-концерт өтеді. Маңғыстау облысының Мәдениет күндері 27 маусымда «Серпер» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Тамара Асардың концертімен аяқталады.

Ақпарат көзі: Іnform.kz.

Қатысты Мақалалар