Жетісуда қызметтік міндеттерін атқару кезінде екі полицей көз жұмды

/uploads/thumbnail/20250630121024235_big.webp

Жетісу облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

— Қызметтік борышын өтеу кезінде жол апатынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері — полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады, — деді министр.

Сәденовтің айтуынша, Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасына қажетті көмек көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында полиция қызметкерінің мәйіті табылғаны хабарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

Қатысты Мақалалар