Жамбылда өндіріс те, тауар тасымалы да дұрыс жолға қойылған

/image/2019/08/21/crop-13_47_585x981_054221650800.jpeg

Отарбаның отаны саналатын Жамбыл облысы Шу өңірі өзінің өндірістік әлеуетімен көпке танылған өлке. Мұнда тауар өндірумен қатар, тасымал жағы да мықтап жолға қойылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да баса айтып жүрген бастамаларының бірі осы. Өндіріс пен тасымалды қатар алып жүру. Бұл орайда Шу ауданының өндіріс өрістеп, тасымалы тастай болып тұр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығының өзінде жалпы шығарылған өнім көлемі 24 млрд. 731,0 млн. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 138,4% дейін жеткен.

Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп үлесі — 16,5%, ауылшаруашылығы өнімі —21,3%, байланыс және көлік қызметі — 0,8%, тауарларды, қызметтерді өткізу көлемі — 42,3 %, құрылыс — 18,9 % болып отыр.

Ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі — 4070,9 млн. теңге, физикалық индекс көлемі —103,2%-ға, яғни 2018 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда — 1838 млн. теңгеге артық орындалған.

Су беру және су бұру көлемі 123,8 млн. теңге, нақты көлем индексі 93,5%, өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 11,5 млн. теңгеге жоғары.

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1526,1 млн. теңге, нақты көлем индексі 102,3%. 2018жылға қарағанда 395,1 млн. теңгеге артық орындалды.

2019 жылдың 5 айында аудан бойынша жұмыс істейтін 6425 кәсіпкерлік нысанда 604 адам жұмыспен қамтылып, барлық шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім көлемі — 5498,3 млн. теңгені құраған.

Негізгі капиталға 11222,7 млн. теңге инвестиция салынып, 2019 жылы іске қосылуы жоспарланған 4 инвестициялық жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде:

1. «Standardconstruction» ЖШС-і Шу қаласындағы «Битум» зауытының құрылысын аяқтады. Аталған зауыттың іске қосылу мерзімі: 2019 жылдың 2 тоқсаны. Зауыт іске қосылған жағдайда 50 адам жұмыспен қамтылып, айына 15 000 куб битум өндіретін болады. Жобаның жалпы құны — 2 млрд. теңге.

2. «М-КАТ GREEN» ЖШС-і фотоэлектр (күн сәулесі) станциясының «Шу-100 МВт жобасы». Жобаның жалпы құны — 60 737,7 млн. теңге (шетелдік инвесторлардың қатысуымен). Жобаға Алға ауылдық округінен 500 га жер телімі берілген. Қазіргі таңда жер аумағы қоршалып, тегістеу жұмыстары аяқталды. Жоба іске асырылғанда 12 адам жұмыспен қамтылатын болады.

3. «Компания A & T – Энерго» ЖШС-і Тасөткел су қоймасында гидроэлектростанция зауытының қуаттылығын 4,6 МВт-тан 9,2 МВт-қа көтеру мақсатында зауыттың екінші кезеңінің құрылысын жүргізуде. Жоба

құны — 1 млрд. 980 млн. теңге. Бүгінгі күнге жабдықтарды сатып алу туралы келісім-шарттар жасалды. Жоба іске қосылғанда 12 адам жұмыспен қамтылады.

4. «Элнур Адил Групп» ЖШС-і құны — 3,5 млн АҚШ долларын (1 319 млн теңге) құрайтын «11 750 тоннаға арналған элеватор, макарон цехы, диірмен, қойма және офистік үй-жайлар» жобасы. Қуаттылығы: диірмен тәулігіне — 120 тн, макарон цехы тәулігіне — 22 тн, бидайды сату (айына 7000 тн). Жоба іске қосылғанда 64 адам жұмыспен қамтылмақ. Іске асырылу мерзімі: 2019 жыл. Қазіргі уақытта Шу қаласындағы бұрынғы қант зауыты аумағынан 2 гектар жер қарастырылуда.

Осылашы шулықтар өндіріс саласындағы жаңа дәуірді бастан кешіруде. Ләйім, елге берері мол жобалары берекелді болсын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар