Жәкішев ісі. Шағымды қарау тағы да кейінге қалдырылды

/image/2019/08/23/crop-5_51_401x712_20180815172129232.jpg
 
 

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне түсірілген шағым 27 тамызда қаралмайды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол туралы Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев айтты.

"2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 16.00-де қаралатын болды. Маған SMS арқылы хабарлады, неге кейінге қалдырғанын айтқан жоқ", – деді Бейсекеев.

Еске сала кетсек, Жәкішевтің шарты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін сот 24 шілдеде қарап, қанағаттандырмаған еді. Ал осы сот шешіміне түсірілген шағым Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық сотында 22 тамызда қаралуы тиіс болатын, кейін 27 тамызға, енді міне, 10 қыркүйекке шегеріліп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар