Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

/image/2019/08/23/crop-132_56_297x528_8a3c67f59ae44998d630da1990ec6c8a-1.jpg

– Қазақстанда қорықшы инспекторларға оқ өткізбейтін кеудеше берілуі мүмкін. Қазір бұл мәселе Ішкі істер министрлігінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәлімет берді.

"Қазіргі таңда біздің инспекторларымыз қажетті қарумен қамтылған. Ал оқ өтпейтін кеудеше беру мәселесін Ішкі істер министрлігімен бірге қарап жатырмыз. Біздің инспекторларға да полиция қызметкерлері сияқты оқ өткізбейтін кеудеше киюге рұқсат алудамыз. Болашақта бұл нақты шешіледі. Ол үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізсек болды. Бұл жұмысты енді ғана бастадық, – деді Ерлан Нысанбаев.

Министрлік өкілі келешекте қорықшы инспекторлардың арнайы жабдықталған қызметтік көліктері де болатынын айтты.

"Инспекторлардың қазасынан кейін Бас прокуратурамен  және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Парламент Мәжілісінде кеңес өткіздік. Соның нәтижесінде жедел алдын алу шараларына қатысты заңнаманы күшейту туралы тапсырма берілді. Браконьерлермен күресте қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нақты шаралар атқарылады. Дрондар мен кеудеге тағылатын бейнекамералар, электрошокер мен травматикалық қару, жеке қорғаныс құралдары сол шарада қарастырылған. Жол жүру ережесіне біздің инспекторлар мінетін көліктерді арнайы техника ретінде тіркеу туралы өзгерістер енгізіледі", – деді Ерлан Нысанбаев.

Есімжан Нақтыбай

inform.kz



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар