Алматы облысында биіктен секірген полковник ажал құшты

/image/2019/08/24/crop-214_10_524x698_11346257.jpg

Алматы облысында биіктен секірген офицер парашюті ашылмай қалып, ажал құшты. Қайғылы оқиға Қапшағай маңындағы оқу-жаттығу алаңдарының бірінде болған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, «МИ-17» тікұшағынан төменге құлдилаған полковник Алдоңғаровтың жерге 300 метрдей қалғанда парашюті ашылмай қалыпты.

Десанттық-шабуылдау бригадасының офицері қауіпсіздік ережесін сақтамаған деген болжам айтылды.

Марқұм қосалқы парашютті де іске қосып үлгермеген. Полковник сол жерде тіл тартпай кетті.

Жоспарлы жаттығу «Бүркіт» арнайы құрылымының талабына сәйкес 1200 метр биіктіктен секіру бойынша жүргізілген екен. Бұл аэроұтқыр әскерлері орындайтын жауынгерлік даярлық.

Қазір қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-тармағы аясында іс қозғалды. Яғни қызметке салғырт қарап, ауыр зардапқа әкеп соғу бойынша тексеріс жүргізілуде. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар