Мемлекет басшысы Азаматтық секторды нығайтудың маңызды екенін айтты

/image/2019/08/29/crop-110_21_479x852_10489457.jpg

Президент Тоқаев  публицист Сейдахмет Құттықадамды қабылдады. Екі жақты әңгімелесу барысында  енді жұмысын бастамақ болып отырған Ұлттық  кеңестің  жұмысына оң баға берілді. Расын айту керек, аталған диалог алаңы Қазақстан үшін әлеуметтік-саяси маңызы бар зор оқиға болғалы тұр.

Әрине, Президентпен әңгіме барысында еліміздегі ішкі саяси ахуал да сөз болмай қалған жоқ. Сонымен қатар, Орталық Азия аумағындағы аймақтық өзгерістер де әңгіме арқауына айналды.

Елімізде "үшінші сектор" деп аталатын Қазақстанның Азаматтық альянс ұйымы бар.  Оның басшысы – Асылбек Қожахметов. Президент Тоқаев  Асылбек Қожахметовпен кездесу барысында азаматтық қоғамды дамыту мәселесі талқыланды. Алдағы уақыттта үкіметтік емес ұйымдардың беделін нығайту туралы сөз болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде азаматтық секторды нығайту маңызды екенін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  азаматтық сектордың жұмысын үшейтуге қатысты тапсырма берді. Өйткені үкіметтік емес ұйымдар билік пен халық арасындағы алтын көпір іспетті. Сондай-ақ азаматтық сектордың әлеуетін әр салада пайдалану қажеттілігіне тоқталды.  

Әңгіме барысында білім және ғылым саласын жаңғырту, университеттердің  мүмкіндіктерін ұлттық экономикаға пайдалану жөнінде сөз болды.

"Сакралды Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали "Ұлытау-2019" халықаралық туристік форумында Президент тарапынан айтылған бастамалардың өміршең екендігін сөз етті. Сондай-ақ оның іске асырылу мәселелерін талқылады.

Расын айту керек, соңғы жылдары Қазақстанның этнотуризм саласында оң өзгерістер бар. Әңгіме барысында елімізде осы саланы насихаттау жағына баса назар аудару қажеттілігі айтылды. Президент кездесу барысында қабылдауында болған азаматтарға арнайы тапсырма берді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар