ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбуктағы парақшасында білім беру саласындағы кез келген мәселе бойынша ата-аналар бұдан былай ведомсвоның лауазымды тұлғаларына әлеуметтік желі арқылы шыға алатынын айтты, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, халықпен тиімді жұмыс жүргізуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев "еститін мемлекет" тұжырымдамасына көшу қажеттігін ерекше атап өткен болатын.
Шын мәнінде, тұрғындар үшін қолжетімді болу – басшының ең басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі – мемлекеттік орган мен басшының ашықтығын қамтамасыз ету деп айтсақ, бүгінгі таңда аталған бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.
☝?Біріншіден, бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша азаматтардың пікірі ескеріліп, оңтайлы шешімдер қабылдануда. Осы ретте, ашықтық қағидаты шеңберінде ҚР БҒМ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына https://www.facebook.com/edugovrk немесе министрліктің қызметкерлеріне білім және ғылым саласына қатысты тікелей сауал жолдауға болады.
Білім және ғылым вице-министрлерінің Фейсбуктегі парақшалары да Сіздер үшін әрдайым ашық және қолжетімді.
Жақыпова Фатима Надырқызы – білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/profile.php?id=100005176186537
Асылова Бибігүл Амангелдіқызы – білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/profile.php?id=100003382555676
Биғари Рүстем Айдарбекұлы – білім және ғылым вице-министрі https://www.facebook.com/rbigarin
☝?Екіншіден, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде (87172) 742411 нөмірі бойынша call-орталық халыққа қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, өңірлердегі білім басқармалары басшыларының Facebook-тегі аккаунттары мен білім басқармаларының call-орталықтары да тұрғындар үшін қолжетімді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=10214261398105122&id=1120704037
☝?Үшіншіден, жұмыстың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында жуырда ҚР БҒМ-не қарасты фронт-офис іске қосылатын болады. Көзделген басты мақсат – білім саласына қатысты келіп түсетін сұрақтарға мардымды жауаптар қайтарып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілуіне үлес қосу.
☝?Төртіншіден, өңірлердегі білім беру басқармаларына БАҚ тарапынан келіп түсетін сауалдарға уақытылы жауап беріп, білім беру тақырыбын кеңінен жариялайтын баспасөз қызметін құру тапсырылды.
Жалпы көздеген мақсатымыз – халыққа қызмет көрсету барысында жеке және әкімшілік кедергілерді жою. Себебі, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасау және ашық жұмыс жүргізу өте маңызды" – деп жазды министр.
Пікір қалдыру