ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентіктігінде жаңадан алдын алу және парасаттылық департаменттері құрылған болатын. Осыған орай, Жамбыл облыстық департаментінде осы бағыттағы басқармалар құрылып, өз жұмыстарын бастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Осыған дейін ҚР Президентінің жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нақты негізгі шараларын атап өткен болатын. Оның ішінде қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, бюджеттік саясаттың ашықтығы, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету шараларына баса назар аударған еді.
Осы орайда, есептік 1 ай ішінде осы жоғарыда аталған бағыттар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптастыру бағыты бойынша «Парасаттылық мектебі» ұйымдастырылды. «Парасаттылық мектебінде» сарапшылар мен арнайы жаттықтырушылар облыстың жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, заңгерлер және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдануға болатын жаңа әзірлемелер және адалдық пен парасат қағидалары туралы оқу курсынан өтті.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 27 шілдесі Департамент және «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорымен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебі ұйымдастырылды.
Ендігі кезекте аталған мектептерде білім алған оқытушылар мен сарапшылар білім ордаларында парасаттылыққа бейімделген шаралар мен оқу курстарын ұйымдастыратын болады.
Атап айтқанда, білім алған оқытушылар қыркүйек айынан оқу орындарының студенттеріне «Парасат мектебінің» апталық курсын өткізіп, тиісті растайтын сертификаттар табыстайтын болады. Ал, мектептерде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы арқылы түрлі бағыттағы оқушар арасындағы акциялар, зияткерлік және іскерлік ойындар арқылы адалдық және парасаттылық қағидалары түсіндірілетін болады. Оның жоспары Білім басқармасымен бірлесіп әзірленді.
Ал, қоғамдық бақылауды күшейту бағыты бойынша «Жамбыл – адалдық алаңымен» жобалық кеңсесімен жұмыстар жүргізілуде. Мысалы алдынңғы айда «Жемқорлыққа жол берме, қолыңды таза ұста» атты банерлері Тараз қаласы мен аудандарда тұрмыстық жемқорлық көріністерінің болдырмау мақсатында және патриоттыққа, әділдікке, парасаттылыққа тәрбиелейтін жалпы саны 24 баннерлер ілінді.
Пікір қалдыру