Жамбыл облысында 8 айда 20 адам суға кеткен

/image/2019/09/02/crop-12_35_289x513_tonut.jpg

Жамбыл облысы аумағында ағымдағы жылғы 29 тамыз жағдайына су айдындарында 19 оқиға тіркеліп, онда 20 адам қаза болды, оның ішінде 11 бала. Барлық қайтыс болған балалар 2 жастан 15 жасқа дейінгі. Балалардың өлімінің басты себебі – бұл ересектердің қараусыз қалдыру, жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу болып табылады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылдың басынан Жамбыл облысы ДП Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларының қатысуымен облыстың су айдындарында 808 рейд пен әңгімелер өткізілді. Сондай-ақ, су айдындарында болған кезде ата-аналар мен балаларға жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерін, балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдырғаны ата-аналардың жауапкершілігін түсіндіре отырып, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларда рейдтер жүргізілді. Сондай-ақ рейд барысында жергілікті полиция қызметі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 364 және 440 - баптары бойынша 70 әкімшілік соммасы 690 мың 593 теңгеге айыппұл салынып, ал 364-бап бойынша әкімшілік жауапкешілікке «Ескерту» түрінде 69 жеке тұлға тартылды.

Мүдделі органдармен: жергілікті атқарушы органдармен, облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметімен, Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен келісілген жазғы шомылу кезеңінде облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуын алдын-алу бойынша Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары бірлескен жоспарды бекітті.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы сәуір-мамыр айдарында облыс аумағында «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында облыс аумағында сәуір айынан бастап 443 орта мектепте және 20 колледжерде 70 мыңнан астам оқушының қатысуымен 443 сабақ өткізді.

«Қауіпсіз жаз -2019» жоспарының іс-шараларын орындау аясында, 11 қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерлерінде оқушы мен тәрбиешілер қамтылуымен балаларды бастапқы жүзу дағдыларына үйрету теориялық және практикалық сабақтар өткізілуде.

Облыс аумағында жергілікті атқарушы органдармен 3 қалалық жағажай (Тараз қаласының "Зербұлақ" көлі, Қаратау қаласының "Жартас" көлі және Жаңатас қаласының "Қалалық жағажай" көлі) жабдықталып, онда суда құтқару бөлімшелері орналасқан. су айдындарының демалу және шомылуға қауіпті, жабдықталмаған учаскелерінде 101 ескертетін және тыйым салатын белгілер және 45 ақпараттық стендтер орнатылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар