Синоптиктер Қазақстанның 3 облысында дабылды ескерту жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
4-6 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. 5-6 қыркүйекте кей жерде шаңды дауыл соғып, бұршақ түседі. 4 қыркүйекте таңертең және күндіз, 5-6 қыркүйекте тәулік бойы батыстан соққан жел солтүстікке ауысуы мүмкін.
4 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі, түнде 1-3 градус үсік жүріп, күндіз найзағай ойнайды.
4 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Өңірлердегі дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %.
Пікір қалдыру