Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес кредитіңіздің кешірілген, кешірілмегенін тексере аласыз. Ол үшін enbek.gov.kz сілтемесіне басып, өзіңіздің ЖСН-іңізді енгізіңіз.
Кімнің кредиті өтеледі?
Кредиті өтелетіндер қатарына 2019 жылдың 26 маусымындағы жағдай бойынша төмендегі әлеуметтік статусы бар адамдар кіреді:
-көпбалалы отбасылар,
-асыраушысынан айырылғаны үшін өтемақы алатындар,
-мүгедек балалары бар отбасылар, бала күннен мүгедектегі бар 18 жастан асқандар,
-мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар,
-жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасынан кәмлетке дейін айырылған, 29 жасқа толмағандар.
Егер сіз тізімде болмасаңыз не істеу керек?
Егер сіз жоғарыдағы санаттардың біріне кіретін, бірақ қарызы кешірілетіндер тізімде болмасаңыз 111 бірыңғай нөміріне хабарласып, өзіңіз және отбасыңыз туралы мәліметтерді беріңіз. Бұдан кейін мемлекеттік органдар Сіз туралы ақпаратты тексеріп, жоғары санаттың біріне кіретініңіз анықталса, тізімге қосады.
Алайда әлеуметтік дәрежесі бола тұра Ұлттық банктің ақпараты бойынша 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша төмендегі адамдар тізімге кірмейді:
- кредиті жоқтар;
- жалпы қарызы 3 млн. теңгеден асатындар;
- қарыздары коллекторлық ұйымдарға өтіп кеткен тұлғалар.
Қанша көлемдегі кредит жабылады?
Негізгі қарыз бен оның сыйақысынан құралатын, өтелетін кредиттің мөлшері бір борышкер үшін 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 300 000 (үш жүз) мың теңгеден аспайды.
Тізім туралы сұрақпен банк бөлімшелеріне барудың керегі жоқ. Банктер тек орындаушы.
ХҚКО-ы тек тізімде бар-жоғыңызды ғана айта алады. Оны ХҚКО-на бармай-ақ egov.kz немесе enbek.gov.kz-тағы арнайы қызмет арқылы білуге болады. ХҚКО не үшін тізімде жоғыңызды айта алмайды.
Пікір қалдыру