Қазақстандықтар "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша қайталама нарықтан 13 мыңнан астам пәтер сатып алған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана сатып алуға мүмкіндік беретін "7-20-25" бағдарламасына қарағанда, 3 мың пәтерге артық.
Алайда мақұлданған кредиттер сомасы "7-20-25" бағдарламасы бойынша 120 миллиард теңгені, "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша 104 миллиард теңгені құрады.
"Баспана Хит" пен "7-20-25" бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың 62 пайызының ай сайынғы төлем сомасы 100 мың теңгеден аспайды. Қайталама нарықтан сатып алынған тұрғын үйлердің орташа құны 9,8 миллион теңгені құрайды. Бұл "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатып алынған тұрғын үйлердің орташа құнынан 4,5 миллион теңгеге арзан.
"Біз бағдарламаның іске қосылуының бастапқы кезеңдерінде-ақ сандық көрсеткіш бойынша "Баспана Хит" "7-20-25" бағдарламасынан басып озатынына сендік, себебі нарық мұндай сұранысқа дайын болған жоқ. Қайталама нарықтың тереңдігі бастапқы нарыққа қарағанда, әлдеқайда артық. Алайда, эконом-класстағы жаңа құрылыстың көбейіп келетін санының пайдалануға енгізілуіне қарай тренд "7-20-25" бағдарламасының пайдасына өзгеруі тиі", - дейді "Баспана" ипотекалық ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдықов.
Еске салайық, Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2018 жылғы маусымда "7-20-25" бағдарламасын іске қосқан. Бағдарлама арқылы жаңадан салынған құрылыстан жылдық 7 пайыз мөлшерлемесімен, 20 пайыз және одан жоғары бастапқы жарнасымен 25 жылға дейін кредиттер беріледі. Алайда, сұраныс қарыз алушылар арасында пәтерді қайталама нарықтан сатып алу қажеттігі бар екенін көрсеткен. 2018 жылғы қыркүйекте жылдық 10,75 пайыз мөлшерлемесімен, 20 пайыз және одан жоғары бастапқы жарнасымен және 15 жылға дейінгі кредиттеу талаптарымен "Баспана Хит" өнімі іске қосылған.
Пікір қалдыру