ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Президентінің Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын талқылауға арналған «Әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Іс-шараға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Әлеуметтік зейнетақы» бөлімінің меңгерушісі –Райхан Назарова, «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы «Саяси жұмыс» бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова келіп, Жолдауда жазылған көптеген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды.
Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.
Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек» – деп нақты тапсырмалар берді. Бұл да болса мәдениет саласына серпін береді деген ойдамыз, – деді А. Келімбетова өз сөзінде.
Сонан соң «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің заңгері Ержан Сланов, мекеменің жас ғылыми қызметкерлері Жамал Ақпан мен Ұлжалғас Шаизхан Жолдаудағы ең маңызды жаңалық – Мемлекет басшысының мәдени сала қызметкерлеріне келесі жылдан бастап Үкіметке мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуді тапсырғаны және Жолдауда айтылған бағыттардың мемлекеттің дамуына, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайының көтерілуіне, сонымен қатар мемлекетімізді жаңа деңгейге шығаруға ұтымды реформалар жазылғанын айтып, өз ойларымен бөлісті.
Жиын соңында келген қонақтарға мекемеміздің баспасөз өнімдері сыйға беріліп, арнайы жылжымалы көрмемен таныстырылды.
Пікір қалдыру