Жуалылықтар Жолдауға қолдау білдірді

/image/2019/09/09/crop-115_86_691x922_khalyqqa-komek.jpg

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған актив жиналысы өтті.

Жиынды аудан әкімі Нарбай Ергебеков ашып, Жолдаудың еліміздің дамуындағы маңызы мен басым бағыттарына тоқтала келе, сөзді облыстық ақпараттық топ мүшесі, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Мейрамбек Төлепбергенге берді.

Мейрамбек Мылтықбайұлы өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандық қоғам дамуының бүгінгі жай-күйін дәл бейнелейтін құжат болып отырғанын, онда барлық салалардың қамтылғанын, әсіресе білім беру, әлеуметтік салалардың проблемалары орынды көтерілгенін айтты. Мысалы - жоғары оқу орындарында жалған диплом сату мәселесінің өршіп тұрғанын, темір жол билеттеріне қолдан жасалып отырған тапшылық, ұшақ билеттерінің негізсіз қымбатау мәселелерінің қозғалуы.

– «Терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміз бар екені де жасырын емес. Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз.

Білім саласына қатысты тағы бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі. Білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керек. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет» – деді Президент өз Жолдауында. Бұл аталған саладағы мәселенің айқын көрінісі. Жолдаудан туындаған міндеттер асында алдағы уақытта бұл түткіл де өз тарқауын табады деп үміттенеміз, – деді М. Төлепберген.

Жарыссөзге шыққан «Зылиха» шаруа қожалығының төрағасы Керімқұл Бегалиев, № 1 мектеп-гимназияның директоры Эльмира Әбішева, «Білімді ұрпақ» білім беру орталығының директоры Нұрила Мәлібекова Жолдауда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім беру салаларында алға қойылған міндеттерінің өміршең екенін, жылдың басты құжатын барша жуалылықтардың қолдайтынын еткізді. Онда алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар