"Халыққа көмек" жобасы аясында азаматтардың мәселесі шешімін тапты

/image/2019/09/09/crop-26_-12_836x1115_120305120900.jpg

«Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымында Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Үміт Ибраимова «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында тиісті мекеме басшылары және партия белсенділерімен бірлесе көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Партиялық жоба аясында өткен қабылдауға алғаш С.Шәкіров ауылының тұрғыны Сарсенкуль Аманбаева баласы Ерасыл Манибаевтың атынан жұмысқа орналасу мәселесімен өтінішін білдірді. Өтініш иесіне Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Есенгелди Малкайдаров жұмысқа орналасу жолдары аясында нақты түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ал Гаухар Байсеркеева отбасы жағдайының төмендігіне байланысты, қысқы маусымға көмір алуға жағдайы келмейтіндігін айтып, көмек көрсетулерін өтінді. Нәтижесінде Қаратау қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Рысбаев өтініш иесін тізімге алып, көмектің міндетті түрде көрсетілетіндігін жеткізді.

Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығының директоры Абдибекова Айтолқын Серікқызы өтініш иесін келесі жылдан қайта бастап оқытылатын қысқа мерзімді курстарды оқуға шақырып, тізімге енгізіп қойды.

Сол секілді Қараой ауылының тұрғыны Бигайша Жуматаева отбасылық жағдайының төмендігіне байланысты барлық балаларын толық киім-кешекпен қамти алмағандығын айтып, көмек көрсетулерін сұранды. Көпбалалы ананың өтінішіне партия аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің басшысы Құдиярбек Омаров көмегін көрсетті.

Келесі өтініш иесі Таңшолпан Дәулетәлі жұмыс мәселесімен сұраныс жасады. Өтініш иесіне Жұмыспен қамту орталығы тарапынан бос ваканттық жұмыс орындары ұсынылып, Таңшолпан Нұрланқызы аудандық почта байланыс бөліміне жұмысқа орналасты.

Жалпы, "Халыққа көмек" партиялық жобасы Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған болатын. Атап айтқанда, Н. Назарбаев « Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың басындағы және қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты жедел әрекет ету керектігін айтып, "Халыққа көмек" жобасын жүзеге асыруды тапсырған еді. Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп іске асыруда. Жоба негізінде партияның еліміздегі

барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жаңғырып, олар бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсете бастады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар