Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жайы қаралды

/image/2019/09/10/crop-14_9_620x929_memlekettik.jpg

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалар жайы қаралды. Онда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.

Жыл басында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың бірыңғай базасын құру тапсырылған болатын. Осы орайда 238 жобаның тізілімі түзілген. Бүгінде оның 63 жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде десек, 42 жоба жыл соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде. Бұлар – әлеуметтік саладағы нысандар. Осы жобалардың 39-ы білім саласына қатысты. Дәлірек айтқанда мектептердегі асханалардағы қызмет көрсету барысын мемлекеттік-жекеменшік аясында жүзеге асыру болып табылады. Басқарма басшысының айтуынша, оның өзіндік тиімділіктері бар. Бұл орайда жыл сайын конкурс ойнатылмай, бір конкурс жеңімпаздарымен 3 жылдан 30 жылға дейінгі аралықта тұрақты келісім шарт орнатылмақ. Жеңімпаз оқушыларды тек ыстық тамақпен қамтып қана қоймай, асхананың жабдығын жаңалап, ғимаратын жөндеп отыруды да өз міндетіне алмақ.

Айта кетейік, бұл орайда алдымен облыстағы барлық мектеп асханаларына талдау жасалынып, жабдығы тозған, жөндеуді қажет ететін асханалар таңдап алынған. Нәтижесінде жаңғыртуды қажет ететін 198 асханаға анықталған. Осыны ескерген Асқар Исабекұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ағымдағы жылы жобасы жүргізілетін асханалардың саның еселеу керектігіне көңіл бөліп, бұл бағыттағы барлық тетіктерді іске қосуды атап айтты. Өңір басшысы конкурс келісімшартында екі тараптың міндеттемелерін тиісінше нақтылаудың маңыздылығын атап өтті. Оған қоғамдық комиссияларды да тарту жайы да айтылды. Сондай-ақ, ыстық тамақтың үздіксіз берілуін, тамақ сапасына тексеріс үнемі ұйымдастырылып отырылуын қадағалауды тапсырды.

Басқосуда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт, денсаулық сақтау, тұрғын-үй шаруашылық, туризм саласындағы жобалар да қаралып, жүзеге асу барысы сараланды. Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар