Апелляциялық сот отырысы Жәкішевсіз өтіп жатыр (видео)

/image/2019/09/10/crop-82_7_402x536_2018021605562053.jpg

Мұхтар Жәкішевті шартты түрде босату жөніндегі аппеляциялық сот отырысы өтіп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Алайда сот отырысына Мұхтар Жәкішевтің өзі қатыспады. 

Сондай-ақ сот отырысы ашық түрде өткенімен журналистер мен белсенділер сот залына кіргізілмеді. Қазір судья 30 минутқа үзіліс жасады. 

Үзіліс уақытында журналистер мен белсенділер сот залына кіргізбегені үшін наразылықтарын білдірді. 

"Мындағы қызметкерлер сот залына өздерінің адамдарын кіргізгісі келеді. Біздің арамызда да билікке сатылмайтын блогерлер мен журналистер бар. Сот халықтың қатысуымен өтсін. Жәкішевке бостандық!", - деп талап қойды белсенділер. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар