"Air Astana" компаниясының президенті: Бізде билет құны онсыз да төмен

/image/2019/09/13/crop-253_3_535x713_8104768.jpg

Air Astana билет бағасын арзандатпайды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының дерегін негізге алып.

«Өзге елдермен салыстырғанда бізде билет құны онсыз да төмен», - дейді әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

«Алыс-жақын шетелдің әуе тасымалдаушыларына қарағанда біздегі баға бірнеше есе төмен. Бұл ретте бізге қарасты Fly Аrystan компаниясының барып-келу құны шамамен 45 доллар. Өзге лоукострлермен салыстырғанда мұндай баға жоқтың-қасы», - деді Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

Әуе компаниясы алдағы уақытта лоукостердің жұмысын жандандырмақ. Ол үшін «Fly Аrystan» әуе паркіне тиесілі ұшақ санын 2-ден 10-ға дейін көбейтуді көздеп отыр. Келер жылдан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Қарағандыдан жаңа рейстер ашылады. Дегенмен Питер Фостер Air Astana компаниясының аспандап тұрған билеттерін арзандатпайды. Еске салсақ, жақында президент жолдауында еліміздегі басты әуе компаниясының билет бағасын неліктен 30 пайызға қымбаттатып жібергенін тексеруді талап еткен болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар