Полициядағы реформа 173 млрд теңге бөлуден басталды

/image/2019/09/13/2019090315543815960_222.jpg

Елордалық полиция департаментінде құқық қорғау органдарының алдына қойылып отырған міндеттер мен оны жүзеге асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов ведомстводағы жетекшілер мен жеке құрамға Жолдауға жүктелген тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, полиция қызметінің абыройын арттыру, халыққа қызмет көрсету орталығының қағидатымен заманауи фронт-офис жасау міндеттерін таныстырды.

– Құқық қорғау жүйесін толықтай реформалау негізгі басымдықтардың бірі болып отыр. Болашақта полиция күштік құрылым образынан азаматтарға қызмет көрсететін, олардың қауіпсіздігін сақтайтын органға айналады, – деді Ержан Сәденов.

Департамент басшысының айтуынша, полицейлердің тиімділігі полиция қызметінің престижділігіне тікелей байланысты. Сондықтан алдағы үш жылда аталған салаға 173 млрд теңге бөлінбек. Қаражат еңбекақыны көтеруге, пәтер жалға алуға, ХҚКО принципі бойынша құрылатын фронт-офистарды құруға жұмсалмақ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар