Шамалғандағы апат: Тоқаев көңіл айтты

/img/default.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Шамалған стансасында пойызбен болған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты.  

–"Алматы облысы  Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.
Ескерте кетсек, төтенше жағдай Алматы облысының Шамалған стансасында 15 қыркүйекте кешкілік болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам зардап шекті. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар