Шамалғандағы апат: арнайы комиссия құрылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

/image/2019/09/16/crop-48_24_257x343_photo_59523.jpeg

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысындағы төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 қыркүйекте сағат 19:08-де Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінің Алматы-Отар учаскесінде №43 Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Setra маркалы №456 Алматы-Қаскелең жолаушылар автобусы күзетілетін өткелде соқтығысқан. 

"Комиссия құрамына Көлік комитеті мен "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелері оқиға орнына жол тартты", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.  Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті.

Еске салайық, "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 9 адам зардап шекті делінген. Алайда, оқиғаны тексеру барысында апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам жансақтау бөлімінде жатқаны анықталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты.

Куәгерлердің айтуынша, автобус теміржол өткелінде жол көлік кептелісінде тұрып қалған. Сол сәтте пойыз жоғары жылдамдықта жүйткіп келе жатқан. Пойыздың дабыл белгісін естіген автобус жүргізушісі абдырап, алдыңғы есікті аша алмаған. Тек артқы есікті ашып, жолаушыларды түсіріп, өзі шығып үлгермей қалған.

"Мен бір баланы шығарып үлгердім. Автобустан қаша жөнелдім де пойыздың автобусты соққанын көрдім. Жүргізуші көз алдымда ұшып кетті", - дейді куәгерлердің бірі. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жүргізушінің жары сол автобуста кондуктор болған, олар бірге жұмыс істеген екен. Қайтыс болған ер адамның артында төрт баласы қалған.   

Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды.

Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жедел штаб құрды.

Мына телефондар бойынша жедел желі ашылды:

(87282) 220213, 220018.

Сондай-ақ, Алматы қалалық ТЖД мына телефондар бойынша жедел желі ашты: (87282) 220213, 220018

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар