Қолда бар ақпарға сай Алматы қаласы Жетісу ауданы Ратушного 84 мекенжайында орналасқан жиһаз цехы өртеніп жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қалалық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.
Департамент таратқан ақпарға сай, Жетісу ауданындағы өрт туралы хабар 11:57-де түсті. Өрт сөндірушілер Ратушного 84 а көшесіне жеткенде жиһаз цехының өртеніп жатқаны белгілі болған. Өртті ауыздықтауға 20 техника мен жеке құрамның 60 адамы жұмылдырылған. Полиция департаменті аумақты қоршауға алды.
Жаңалық толықтырылады
Пікір қалдыру