Күн сайынғы рейстер 3 қазаннан бастап 180 орындық Airbus A320 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Билет құны 6999 теңгеден басталады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Операциялық қызмет іске қосылғаны Әулие-ата халықаралық әуежайындағы жолаушылар легі 140 пайызға өсті. Маршруттық желінің кеңеюі бұл көрсеткішті екі есеге арттыратынына сенімдіміз. Өз тарапымыздан жергілікті тұрғындар Нұр-Сұлтан мен Алматыға жылдап, ыңғайлы әрі қолжетімді бағаға жетуі үшін жылына 130 мың орын ұсынуға әзірміз, деп атап өтті компанияның маркетинг және сату бойынша директоры Жанар Жайлауова.
Лоукостердің алғашқы ұшақтары Алматыдан Таразға 1 мамырда ұшқан болатын. ай ішінде компания 46 мың адамды тасымалдап үлгерді. Биліттердің 90 пайызы 10 мың теңгеге , жартысына жуығы 5 мың теңгеге дейінгі бағада сатылған.
Пікір қалдыру