Дінаралық татулық – Қазақстанның басты ұстанған саясаты

/image/2019/09/23/crop-3_20_593x790_konfessiya.jpeg

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мұнда бөлініс жоқ. Дініне, жынысына, көзқарасына қарап ешкімді қудаламайды, қысымға алмайды. Зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құру –басты парызымыз. Сондықтан бізде сөз, діни, наным-сенім бостандықтары бар. Өйткені Ата Заңымыздың өзінде Қазақстанның «ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,–деп атап көрсетілген. Демек, Конституция кепілдік беріп отырғаннан кейін еркіндік бар деген сөз. Оған ешқандай шек қойылмайды. Тіпті заңнамалық құжаттарда да конфессияаралық татулық пен келісім туралы нақты жазылған. Мысал ретінде айтатын болсақ,Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында«дінге сенетін адамдарға құрметпен қарау басты міндет» екенін айтылған. Расында да солай, Қазіргі уақытта «сен басқа дінді ұстандың немесе өзге ағымның жетегінде кеттің» деп қысым жасап, қудалап жатқан жергілікті және атқарушы билік жоқ. 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында «Қазақстан –зайырлы мемлекет, онда конфессияаралық татулық пен келісім салтанат құруда, дінге сенушілермен қатар атеистік көзқарасты ұстанатын азаматтардың да құқығы құрметтеледі. Мемлекет діни қызмет саласына араласпайды, алайда конфессиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қорғауы тиіс, ол үшін осы салада тиімді мемлекеттік саясат қалыптасуы тиіс» атап көрсетілген.

Сондықтан қазіргі татулық пен дінаралық келісімнің бәрі де Ата Заңнан бастау алып, құқықтық саясат тұжырымдамасымен үндестік тауып, жалғасып жатыр. Сондықтан да дінаралық татулықты еліміздің ішкі қоғамдық өмірінде ғана емес, сыртқы саясатта басымдық етіп ұстау Қазақстанның негізгі позициясы болып отыр. Мұны неге айтып отырмыз? Әлем қазір күрделі кезеңді бастан кешіруде. Дінаралық соғыс жүріп жатыр. Шешенсіген көсемдер өз амбициясын халықтан жоғары қойды. Бәрінен өз саясаты артық. Алпауыт елдердің саяси-әскери ойынынан жазықсыз халық қырылып жатыр. Жағаласатын заман емес, жүрекпен араласатын заман келді. Өйткені иман мен адамдық және мейірімділік жүректе. Қайтпек керек? Мәселенің алу қажет. Қалай? Осыдан 18 жыл бұрын Елбасы Назарбаев әлемдік діннің  лидерлерін Қазақстан астанасына жинау туралы идея тастады. Сөйтіп 2003 жылы дінбасылардың Астанада басын қосты. Міне содан бері бұл жиын тұрақты дәстүрге айналды.

Он сегіз жылдан бері Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтіп келеді. Оның да мақсаты бар. Бұл «орынсыз бекер мал шашпақ емес». Дін басшыларының алғашқы басқосуынан бері  18 жыл өтсе де, мәселе әлі қомақты, тіпті жыл өткен сайын дінаралық мүдде мен қайшылықтың өзектілігі артып келеді.

Дінаралық мүдде белгілі бір тұлғалардың әрекетінің салдарынан қайшылықты болып келсе де, бәрібір иман мен бірлік бәрінен де жоғары. Сондықтан да Назарбаевтың бүкіл дінбасыларын Сарыарқа төсіне жинауының астарында бір-ақ мақсат жатыр. Әлемге татулық әкелу, дінаралық бірлікті сақтау және оны адам баласының санасына мәңгілік сіңіру. Сондықтан бұл басқосудың жаһандық мәні бар. Біз имандылық туралы бекер айтып отырған жоқпыз. Қазақстан Тұңғыш  Президенті  Назарбаев дінбасыларының бірінші съезінде діннің халықаралық қоғамдағы орнын айтты (сөзін сол күйнде беріп отырмыз-ред).

–Материалдық игілікпен мүлдем байланысты емесадам үшін басым және негізгі болып қала беретін дау тудырмас құндылықтар бар. Олардың бастысы–руханият, имандылық. Олардың негізгі көзі әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерін,өзіндік тарихи әрі мәдени тәжірибесін сақтаушы дін болып табылады,–дедіәлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Расында да қазіргі қым-қуыт аласапыран, мүдделер шайқасы қайшыласып жатқан заманда елімізге тек қана татулық пен тұрақтылық керек. Сонда ғана әлемде бейбітшілік орнайды. Ал жүрегінде дін иманы бар тұлға немесе мемлекет басшысы  ешқашан екінші бір елге соғыс ашпайды, қысым жасамайды, өз елінде халқын қудаламайды. Негізі әлемдік дінбасыларды  да Қазақстанға жинаудың сыры осы. Әрине, бұл басқосулар бірден нәтижесін бермесі анық. Бірақ уақыт өте келе мұның көрсеткіштері көріне бастайды. Сонымен Қазақстанда қанша съезд өтті?

2003 жылы өткен І съезде  зорлық пен терроризмге қарсы мәселе көтерілді.

2006 жылғы  қыркүйекте өткен съездге Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі төрағалық етітті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезі  2009 жылғы 1-2 шілдеде, IV съезд – 2012 жылы,V съезд – 2015 жылы 10-11 маусымда, VI съезд – 2018 жылы Астанада 10-11 қазанда өтті.

Айта кету керек, әр съездің мәні бар. Соңғы басқосуда «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» құрылатын болды. Сонда бұл орталық немен айналысады?

  1. Бейбітшілік пен келісім.
  2. Өзара іс-қимыл.
  3. өркениет пен дін арасындағы бітімгерлік диалогты алға жылжыту.
  4. Жанжалсыз келешек құру.

Соңғы съездге немесе басқосуға әлемнен 42 елінің дінбасылары мен дінтанушыларымен халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Демек діндер диалогы керек. Қазақстанға ғана емес, әлемге де. Сондықтан да Қазақстан астанасында әрбір үш жыл сайын әлемнің дінбасылары кездесіп тұрады.

Жалпы Қазақстанның дінаралық татулықты халықаралық мінберге айналдыруы бекер емес. Өйткені қазіргі уақытта астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық басқосулар мен саяси алпауыттар кездесетін диалог алаңына айналып келеді.

Қазақстан билігі сыртқы саясатта емес, еліміздің  ішкі дінаралық татулығын тұрақтандыруда да белсене жұмыс істеп келеді. Қазір Қазақстанда 3658-ге жуық діни бірлестік бар. Олардың ішінде басым бөлігі, яғни ең көбі  Ханабимазхабындағы мұсылмандар мен прослав бағытындағы христиандар.

Бұдан шығатын қорытынды не? Тәуелсіздік алған 28 жылдың ішіндеҚазақстан билігі елімізде ең ірі жетістіктердің біріне жетті. Ол – діни-сенім бостандығы мен дінаралық татулықтың толық орнығуы дер едік.

Иә, біз тәуелсіздігімізді алдық. Қазақстан қазір әртүрлі діндер мен этностар мекен еткен ел. Басты байлығымыз да  – тұрақтылық. 130-дан астам ұлт пен диаспоралар және 18 конфессия өкілдері мекен еткен мұндай ел әлемде жоқ шығар. Бірақ біздің басты байлығымыз Назарбаев іргетасын қалаған елдің ынтымақта өмір сүруі.

Әрине дін мемлекеттен бөлек деп жатамыз. Бірақ әркім өзінше әрекет ете алмайды. Бұл түсінікті. Өйткені тіркелген  әр діни бірлестіктер немесе діни ағымдар өз миссиясын  жүргізе бастаса, онда елдің іргесі бұзылады. Сондықтан да заң аясында мұны мемлекет немесе тиісті орындар реттеп отырады. Мысалы, 2011 жылы толықтырулар мен өзгерістер енгізілген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң бар. Мұның аясында барлық жұмыстар жүргізіледі. Арнайы уәкілетті органдар бар. Олар заңда айтылғандай, (сөзбе сөз беріп отырмыз-ред) «дiнибiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады. Және мұның барлығын реттеп отырады. Өйткені бақылау қашан да керек».

Әрине, дін-діңгек. Адамның жан дүниесін екі дүниеде рахатқабөлейді. Дін жұмыр басты пенденің жан дүниесіне рухани  тұрғыдан тірек болады. Бірақ «діни бағытты  біржолата ұстанамын» деп, соқыр сенімге алданып қалмауымыз керек. Діни сенім қазақтың салт-дәстүрімен  ұштасып  жатса, адам баласы ешқашан адаспайды. Әрине, кейбір діни ағымға еріп, өз жолынан шалт кетіп жатқандар да бар. Оларды бәрібір мемлекет қамқорлыққа алады, қолдайды, ізгі ниетте дұрыс жолға түсіреді. Бір ғана мысал,  кезінде соқыр ағымға еріп, Сирия асқандарды Қазақстан мемлекеті соғыс майданында қалдырған жоқ. Жыл басында Елбасының тапсырмасымен  "Жусан-1"  операциясы жүзеге асты. Алғашқы операция барысында Қазақстанның 47 азаматы  елге оралды. Ал бірнеше айдан кейін  "Жусан-2" операциясы аясында Сириядан Қазақстанның 231 азаматы елге жеткізілді. Олардың 159-ы – балалар екенін айта кеткен жөн. Ал «Жусан-3" операциясының үшінші кезеңінде Сириядан 67 әйел, 171 бала Қазақстанға келді.

Президенттің тапсырмасы бойынша барлығы да елге әкелінді. Енді олар ешқашан адаспайды. Өйткені оларды  мемлекеттен арнайы бөлінген теологтар мен психологтар сөйлесіп, жаңа өмірге бейімдеуде. Дінаралық татулық бар жерде елдің бірлігі те мығым болады. Бәрін мемлекет реттеп отырады. Бұл сөз жоқ даусыз нәрсе.

 

 

 

 


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар