Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді іске асыру мақсатында Мойынқұм ауданында ғалым Жазира Саурықованың демеушілік етуімен Жамбыл орта мектебінде «Рухани жаңғыру» орталығы жұмысын бастады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Енді аталған орталық арқылы мектепте білім алатын 800 бала Қазақстан тарихымен бірге туған өлке тарихында жақыннан тани түспек. Өйткені мұнда Қазақ хандығының пайда болу алғышарттары, Керей мен Жәнібек хандардың бастамалары, дәл осы өңірде дүниеге келген Жамбыл Жабаев, Жазылбек Қуанышбаевтардың өмір жолы,өнегелі істері ұрпақ санасында жаңғырмақ. Өз кезегінде «Рухани жаңғыру» орталығы мектептегі ұрпақ тәрбиесіне тартылған 160 ұстаз бен ауыл тұрғындарға арғы-бергі тарихтан мол мәлімет беріп отырады.
Орталық жұмысын мекиеп мұғалімі Жәния Әлменова жүргізеді. Ол орталықтағы соңғы жаңалықтарды мектепішілік радио арқылы хабардар етіп отырады. Шалғайдағы ауыл тұрғындары мұндай орталықтың ұрпақ тәрбиесінде берері мол екендігін алға тартып оның мектеп жанында ашылуын құптайды.
Айта кету орталық жұмысына демеушілік жасаған Жұлдыз Саурықова қазақ тарихы оның ішінде әдебиет өкілдері жайында ғылыми еңбектер жазып, ондағы тұшымды ойлар мен пайымды пікірлерін болашақ педагогтерді даярлау ісінде қолданып жүрген оқытушы. Бүгінде оның авторлығымен жарық көрген ғылыми мақалалардың жалпы саны 30-дан асып жығылады. Педагог ғалымның зерттеулер педагогика саласының ең өзекті мәселелерін тануымен құнды. Сондықтан бұл еңбектері жоғары оқу орындары профессор-оқытушыларының ғылыми мақалалары жарық көретін отандық және шетелдік басылымдарға жарияланған.
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл мектебенің түлегі ретінде Жұлдыз Мейірханқызы білім ортасына үнемі қолдау білдіреді. «Меніңше елдің дамуы, экономиканың өркендеуі, табыс пен тұрмыс сапасының артуы сынды стратегиялық жоспарлардың бастауында ең әуелі жастарға сапалы білімнің берілуі тұрады. Ол үшін біз елімміздегі барлық мектептерге оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие алуға мүмкіндік беретіндей жағдай жасауымызы керек», дейді Ж.Мейірханқызы.
Пікір қалдыру