Әскери құрамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шаралар жасалынған, Десе де түрлі себеппен снаряд жарылу қаупі әлі де бар.
Қорғаныс министрі оқ-дәрі жарылысы кезінде жараланған он сапердің үшеуінің жағжайы әлі де ауыр екенін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі informburo.kz-тің мәліметін негізге алып.
21 қыркүйекте жараланға әскерилер дереу госпитальға жеткізіліп, тиісті медициналыық көмек көрсетілген. Үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Бір әскеридің халі орташа ауыр болса, қалған алтауы қанағаттанарлық жағдайда.
"Әскери қызметшілер әскери бөлім аумағын толықтай дерлік тазалады. Қала мен оның тұрғындарына, қала маңына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі таңда әскери бөлімде, қоймалар ішінде негізгі жұмыстар басталды. Онда түрлі жарқыншақтар әсіресе жарылмаған жарқыншақтар көптеп жиналған. Детонатор болуы мүмкін екендігін де ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан саперлердің жұмысы ата қауіпті болып тұр, – деді ол.
Пікір қалдыру