Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Жеткізгенұлы Көшмағанбетов мәлімдеді.
-«Аудан халқының саны жылдан - жылға артып келеді. 1-ші тамыздағы есеп бойынша тұрғындар саны 39,6 мыңға жетті. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығына бағытталған. Негізінен мал шаруашылығы, әсіресе ет-сүт өнімі, қой шаруашылығы жақсы дамыған. Ірі қара мал, түйе, жылқы да көп өсіріледі. Жалпы облыстағы мал санының жартысына жуығы Маңғыстау ауданының еншісінде. Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларына 3,460 млрд. теңгені құрады»,-деді аудан әкімі брифинг барысында.
Жалпы Маңғыстау ауданында 425 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық, 2 ауыл шаруашылығы кооперативі қызмет етеді. Оның ішінде 389 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады.
Ірі сояулы мал азығын дайындайтын 24 бригада бүгінге дейін 20548 тонна шөп дайындаған. Жыл басынан бері 6900 тонна мал азықтық жем әкелінді.
Осы жылы 30 шаруа қожалығы 171,5 га жерге көкөніс, бақша дақылдарын ексе, оның ішінде 142 га жерге тамшылата суару қондырғысын пайдалануда.
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімдерінің ауқымы 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 376,8 млрд. тенгені құрады, өнеркәсіп өнімдерінің нақты ауқымы – 98,2%-ды көрсетіп отыр.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 32,7 млрд.тенгені құрады немесе 2018 жылмен салыстырғанда 105,3 %-ға өсті (01.09.2018 жылы – 29 889,4 млн.тг.).
Пікір қалдыру