Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға аса мән беріліп отыр. «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 72,8 млн. теңге болатын 4 бизнес - жоба іске асуда. Осы жобалар арқылы 36 жаңа жұмыс орны құрылған.
Жалпы аудан бойынша микрокредиттік ұйымдар арқылы кәсіпкерлікті дамытуға барлығы 37 адамға 281,9 млн.теңге несие берілді. Несие сомасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 жарым есеге өсіп отыр.
Жалпы аудан бойынша орташа жалақы көлемі 133 364 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға өсім бар.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,1 млрд. тенгені құрады.
Аудан бойынша жалпы ауданы 45,1 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,1%-ды көрсетіп отыр.
2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында аудан бойынша 1704 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 703 жұмыссыз адам тіркеуде тұр, жұмыссыздық деңгейі 3,5%-ды құрады (жұмыссыздық деңгейінің өсуі жұмыстан босағандардың әлеуметтік қордан көмек алуы (ішінде 5/50-лер бар), еңбекке жарамды адамдар көмек алуы үшін жұмыссыздыққа тіркелуі және жалпыға ортақ медициналық көмектің енгізілуіне орай статуста тұрған адамдардың жалақы төленетін қоғамдық жұмысқа баруы, сондай-ақ техникалық – кәсіптік колледжде былтырдан оқып жатқандар (82 адам) және биылға қысқа мерзімді оқуға баруға ниет білдірушілердің жұмыссыздыққа тіркелуінен болып отыр).
Көмекке мұқтаж азаматтарға мүмкіндігінше әлеуметтік, материалдық көмектер көрсетіліп келеді. Жалпы әлеуметтік қорғау шараларына аудан бойынша 2019 жылға 218 млн.теңге қаржы қаралған.
Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 565 адам тұрақты жұмысқа, 81 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 487 адам жалақы төленетін қоғамдық жұмыстарға және 144 адам жастар практикасына орналастырылды. 114 адам «Бизнес-Бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Барлығы 24 адам 104 млн. 397 мың теңге көлемінде несие алып өзін – өзі жұмыспен қамтыды. 6 адам бизнесін бастауға 252 мың теңге, 9 адам 505 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік грант алды.
-«Қазіргі таңда аудан көлемінде жұмыс жасайтын 18 компаниямен меморандумға отырдық. Ол бойынша осы мекемелер жұмыс орыны ашылған жағдайда бірінші кезекте Маңғыстау ауданының жұмыссыз тұрғындарын жұмысқа алатын болады»,-деді брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Т.Көшмағанбетов.
Пікір қалдыру