Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін бас дәрігер босап шықты

/image/2019/09/26/crop-16_10_413x551_050042897600.jpg

Алматыдағы № 4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер істер жөніндегі сот алқасы бұған дейін Қанат Тезекбаевқа қатысты таңдалған бұлтартпау шарасын алып тастады.

"Оған қатысты ешқайда шықпау және тиісті тәртіп туралы қолхат түріндегі жаңа бұлтартпау шарасы қабылданды", - деп түсіндірді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, бұл соңғы шешім және шағым түсірілмейтіні хабарланған.

Еске салсақ, жуырда Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың ұсталғаны белгілі болып, №2 мамандандырылған ауданаралық тергеу соты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Дәрігерге Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша айып тағылған болатын. 

Тезекбаевтың бас дәрігер қызметінен уақытша шеттетілгені хабарланды.

Сондай-ақ, сот санкциясымен №4 қалалық клиникалық ауруханасының анестезиологы Асқар Тұңғышбаев та екі айға қамауға алынды. Ол да Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-тармағы бойынша айыпталып отыр.

Егер кінәсі дәлелденсе, үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін. 

Бұл оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қ. әкімінің бақылауында" деп твиттерде жазба қалдырған еді.

Ал бұған дейін желіде Тезекбаевтың ұсталуы Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімімен байланысты болуы мүмкін екені жазылған хат тараған еді. Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев биыл тамыздың басында Алматы облысында квадроциклмен жол апатына түскен болатын. 27 тамыз күні жас жігіт Германиядағы емханалардың бірінде көз жұмды.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар