Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ауызашар берді

/uploads/thumbnail/20170708185910097_small.jpg

 «Қазақстан»  қонақүйінің  «Grand Ballroom» залында  Алматыдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ұйымдастыруымен ауызашар өткізілді. Игілікті шараға  Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері, қаржы саласының мамандары, ғылым-білім ордаларының өкілдері, халықаралық ұйым қызметкерлері, ақсақалдар мен зиялы қауым, барлығы екі жүзден астам мұсылман қатысты. Биылғы оразада бесінші рет ұйымдастырылып отырған ауызашарда екі елдің достастығын нығайту ниетіндегі бата-тілектер айтылып, ұлағатты әңгімелер өрбіді. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры,  профессор, доктор Сабри Хизметли мұсылмандар үшін ерекше саналатын бұл айда ізгі істерді көбірек атқаруға шақырды. Аталмыш оқу орнының құрылғанына биыл  10 жыл толып отыр. Осы орайда университетте 2015-2016 оқу жылында  жоғары балл жинаған мектеп түлектеріне  105 грант бөлінді. Күндізгі бөлімге түскендер  10 % жеңілдікпен оқи алады. Үздік студенттер  Түркия мен Қытайдағы оқу орындарында грант негізінде стипендия алып, оқуын жалғастырады. Барлығы он үш мамандық бойынша білім беретін университетте ҰБТ-дан 80-85 балл алғандарға  15% жеңілдік,      86-90 балл болса 20 % , 90-99 балл алғандарға 25%,   100 балл және одан жоғары болса 50% жеңілдіктер белгіленген. «Алтын белгі» иелері төрт жыл тегін оқытылады. Биыл Сабри  Хизметлидің бастамасымен игі істердің бірі ретінде жетім балалар, көп балалы отбасынан шыққандар мен мүгедектерге арнайы жеңілдіктер қарастырылып отыр. Ауылдан келген студенттерге үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген  жатақхана беріледі.

Шарафат Жылқыбаева

 «Қамшы» сілтейді

Қатысты Мақалалар