Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында «Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi», 20-бабында «Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi», 91-бабында «Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды» деп нақты жазылып тұр.
Соған қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы Ермек Тойчибеков www.facebook.com әлеуметтік сайтында «Даже если Казахстан был бы военной сверхдержавой. Даже если бы ВВП на душу населения было бы выше чем в Норвегии. Даже если бы во все различных страновых рейтингах, Казахстан был бы на первом месте. Я все равно за воссоединение с Российской Федерацией» десе http://www.facebook.com/taychibekoff?fref=ts, Zonakz.net сайтында берген сұхбатында Ермек Тайчибеков «Казахстан должен стать губернией России... Наш конечный цель создание унитарной большой России....Я считаю что, моя Родина большая Россииская империя...» десе, http://www.zonakz.net/articles/68865, www.taychibekoff.imhonet.ru сайтында «Открыто признаюсь, я за Путина! Главная причина, это ЕЭП{единое экономическое пространство}, ТС{таможенный союз}, ЕАС{евразийский союз}. Главное, это целенаправленное строительство/реставрация Российской империи, собирание земель и в этом деле Владимир Владимирович хоть и не достаточно эффективен, но абсолютно безупречен за свою первую двенадцатилетку управления государством!» деп жазады Тайчибеков http://taychibekoff.imhonet.ru/opinions/.
Сонымен бірге Е.Тайчибеков мамандығы бойынша бухгалтер, көп уақыт түрлі қаржы және сыра өндіру саласында қызмет еткеніне қарамастан соңғы 2 жылда Грузияда 3 рет, Әзербайжан, Арменияда бірнеше рет болған. Бұл елдердің бәрінде және Қазақстанның бірнеше облыстарында тұрғындарды Ресей Федерациясының құрамына кіруге үгіттеген, үлкен насихат жұмыстарын жүргізген. Бұл туралы ол өз сұхбатында http://www.zonakz.net/articles/68865 ашық әрі жан-жақты баяндайды.
Сонымен бірге ол www.youtube.com сайтындағы бір сұхбатында «Этническим русским я посоветовал бы одно, вот вы слишком сильно надейетесь на Российскую Федерацию, на Путина. У вас все мысли там. Поскольку это вы ведете себя очень пассивно ведете в этнополитическом плане и не замечаете как медленно, но верно, аккуратно притесняют. Причем на государственном уровне» немесе «Вы сегодняшний день русские не замечаете как год за годом, шаг за шагом вы становитесь чужыми в своей Родине. А это ваша Родина. Казахстан это тоже не казахская земля, это русская земля» дейді. https://www.youtube.com/watch?v=1EBXssYFwPA
Е. Тайчибеков осы әрекеті үшін ҚР «Қылмыстық кодексінің» 174-Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк,тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек еді.
Сонымен бірге Ермек Тайчибековтың әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 170-бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру деп бағалаған жөн.
Оның жоғарыда айтылған әрекеті Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес саяси экстремизм деп бағалауға болады. Өйткені аталған заңда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгерту, егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн бұзу, мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында ел ішінде алауыздықты қоздыру саяси экстремизм болып табылады. Ал Е. Тайчибеков Қазақстанда тұрып жатқан қазақ ұлты мен орыс диаспорасының арасына от салумен келеді.
Алайда билік әлі күнге Е. Тайчибековты қандай да бір жауапкершілікке тартқан емес.
Тайчибековтың жазғандарының, мәлімдемелерінің бір пайызына жетпейтін мәселе көтерген Сәкен Байкенов пен Татьяна Шевцова-Валова жауапқа тартылды.
Ал ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ермек Тайчибековтың әрекетінде еш заң бұзушылықтың жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді.
Е. Тайчибековтың жалғыз өзінің әрекетінен онша нәтиже бола қоймаған соң «ақпарат аренасына» «Менің отаным – КСРО» деп Руслан Ибраев, «Ең ұлы көсем – Сталин!»Нариман Есимбеков, «Орыс тілінің төңірегіне топтасу керек» деп Ерлан Есеналиев, «Алашордалықтар – қорқақтар» Кайрат Байгереев сияқтылар шықты. Оларға «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» табылмады.
Осыған қарап отырып, Ермек Тайчибековты сөйлетіп отырған Қазақстан билігінің өзі деген тұжырымға келген едік.
Ресми түрде тәуелсіздік алғанына 25 жыл болса да қазақ ұлтының санасының тәуелсіз бола алмауының, Еуразиялық экономикалық одаққа кіріп, саяси тәуелсіздігімізді тәрк етуіміздің, өзі дамымай отырған ана тілімізді орыс және ағылшын тілімен тұншықтырып жатқанымыздың себебі енді нақты болды. Оны Қазақстан Президенті бір ауыз сөзбен былай топшылады: «Ұлтшылдықтан менің иммунитетім бала кезімнен өте жақсы».
Мақсат Ілиясұлы, заңгер, Қазақ Ұлттық кеңесінің мүшесі
"Қамшы" сілтейді