"Осының бәріне кім жауап береді?": Қарағұсова неге ашуланды? (видео)

/image/2019/10/03/crop-390_167_347x462_snimok-ekrana-43.png

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсованы АӘК алатындардың саны таңғалдырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен бір сұрақ қойғым келіп тұр, бірақ жауап берудің қажеті жоқ. Барлық ақшаны өзім есептеймін. Бізде қазір бұрын-соңды болмаған жайт орын алып отыр. Қазақстан тәуелсіздігінің бүкіл тарихында атаулы әлеуметтік көмек алатын 1 миллион 800 мың адам ешқашан болған емес. Елімізде 8 миллион ғана еңбекке қабілетті адам бар. Мен тағы да салық төлеушінің ақшасы туралы айтып отырмын. 2007 жылы мен министр қызметінен кеткенімде жағдай өте нашар болды. Шындығында сол жылдары жұмыс та, ақша да болмады, бірақ біз бұл санды бір жарым миллионнан 500 мыңға төмендеттік. Ал қазір жұмыспен қамту туралы түрлі бағдарламалар бар кезде бізге не болды?", - деді Қарағұсова.

Депутат елімізде жұмыспен қамтуды қолдау бағдарламалары үнемі енгізіліп келе жатқанын атап өтті.

"Біз ешқандай шектеусіз "Атамекенге" оқытуға, қайта даярлауға мүмкіндік берді. Микрокредиттер де берілді. Біз индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын іске қостық - 1200 кәсіпорын ашылды. Енді не болды? Осының бәріне кім жауап береді? Сондықтан, маған жұмыс тобына есеп беріңіз. Жұмыспен қамту бағдарламаларына қанша қаражат жұмсалды? Осыған дейін қанша микрокредит берілді? Бұл сұрақтарды бірінші рет қойып отырғанымыз жоқ. Сіздер осы сұрақтарға жауап беріңіздер ал біз талдауды өзіміз жасаймыз", - дейді Қарағұсова.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар