Министр: Шыңжаңдағы қамау орталықтарында этникалық қазақ жоқ

/image/2019/10/04/crop-50_9_543x965_fb33d1ab-be81-4365-917d-ba251e725956_cx0_cy3_cw0_w1023_r1_s.jpg

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхит Тілеуберді 4 қазанда Шыңжаңдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінде" бірде-бір "этникалық қазақ жоқ" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл "жоғары деңгейде расталған ақпарат" деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azattyq.org сайтының сайтының дерегін негізге алып.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында мемлекеттік сапармен Қытайға барып қайтқан. Қытайда оқыту орталықтарында (Шыңжаңдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерін" Пекин "оқыту орталығы" деп атайды — ред.) отырған этникалық қазақ жоқ. Бұл ақпарат расталды. Ол орталықтарда тек құқық бұзушылар ғана отыр...Бізге "бәрі жіберілді" деген ресми түрде ақпарат берілді, - деді ол.

Дегенмен министр "құқық бұзушы" деп нақты кімді меңзегенін ашып айтпады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар