Жамбыл облысында латын негізді қазақ әліпбиіне көшу жұмыстарына дайындық шаралары қарқынды жүргізілуде. Бұл мақсатта өңірдегі 3 арнайы оқу әдістемелік кабинеті жұмыс жасайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Өңір тұрғындарына латын негізді қазақ әліпбиіне көшуде облыс тұрғындарына әдістемелік көмек көрсететін кабинеттер жоғары оқу орындарының қабырғасы мен тілдерді оқыту орталығының базасында ашылған. Мәселен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жанынан Латын әліпбиін үйрету оқу-әдістемелік кабинеті және Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасы, ал облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы жанындағы тілдерді оқыту орталығында «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинеті жұмыс жасайды. Өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының базасында құрылған латын негізді қазақ әліпбиін оқыту кабинеттері заманауи үлгідегі озық технологиялық құралдармен жабдықталған сондай-ақ мұнда білікті тілші ғалымдар дәріс оқиды. Сол секілді облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығында ашылған «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» кабинетінде латын негізді қазақ тілі әліпбиін үйретуге толық мүмкіндіктер жасалған. Кабинет заманауи интернет-технологиялармен жабдықталған.
Жалпы Жамбыл облысында тұрғындарға латын негізді қазақ әліпбиін меңгеруді жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Жыл басынан бұл бағытта 74 іс-шара өткізілген. Бұл шараларға оған 18 мыңнан астам адам қамтылды. Жаңа әліпбиінде алыс ауылдар мен аудан тұрғындары арасында насихат жұмыстары да жолға қойылған. Есепті кезең облыстағы 10 аудан мен Тараз қаласы тұрғындарына арналған көшпелі семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен бірге облыс орталығында орналасқан 52 мекемеде Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы таныстырылды.
Айта кету керек М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының тілші ғалымдарымен жасалған бұл бағдарлама латын негізді қазақ әліпбиін көпшілікке үйретудегі бірден бір электрондық әдістемелік көмек құралы саналады.
Пікір қалдыру