Жамбыл облысында «Ауыл–ел бесігі» жобасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғары жетістіктерге қол жеткізген агроқұрылымдардың табысқа жету сырлары, жұмыс жасау жұмысын нсихаттау шаралары өз деңгейінде насихаттау қолға алынуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жоба Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл еңбеккерлерін насихаттау, шалғай елді мекендердегі әлеуметтік ортаны жақсарта түсу мақсатында жүзеге асырылып отыр.
–Елбасы тапсырмасымен іске қосылған бұл жоба ауылдық аумақтардың ондағы еңбек адамдары мәртебесінің жоғары екенін танытуды мақсат етеді. Сондай-ақ жалпы қоғамның ауылға деген көзқарасын өзгерту арқылы агроөнеркәсіп кешенінің табыстылығын арттыруды көздейді. Аталған жобаны іске асыру барысында «Қарқынды бақтар біздің болашақ», «Экологиялық тазалық» деп аталатын шаралар да өткізілді. Бұл шаралар аясында көктем айларында ауылдық жерлерде бақтарды отырғызу және күзде жинау акциялары және экологиялық тазалау акциялары жүзеге асырылады. Сондай-ақ «Ауыл–ел бесігі» жобасы аясында алдағы уақытта өңірдегі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша табысты шаруа қожалықтарды «Үздік фермер» және «100 жаңа фермер» байқауы арқылы кеңірек насихатталатын болады. Ең үздік ауыл шаруашылық құрылымдарын танытуды мақсат еткен байқау аудан, облыс, республика деңгейінде өткізіледі. Мұнан бөлек республика көлемінде «Жыл фермері» анықталады. Ауыл шаруашылық құрылымдарының еңбеккерлеріне арнаулы мемлекеттік марапаттар табысталып, ынталандырулар шараларына тартылады.
Бұл жобаны табысты іске асырудың бір көрініс ауыл тақырыптарында сериалдар мен көркемдік фильмдерді түсіріп, прокатқа беруден көрінбек, –дейді Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Серікбол Берікқожа.
Расында тұрғындарының жартысынан көбі ауылдық елді мекендерде тұратын Қазақстан үшін ауыл еңбеккерлерінің өмірін насихаттау, олардың жетістіктерін көпке үлгі ету идеологиясының тиімді тұсы көп-ақ. Сәйкесінше агро саласы жақсы дамып келе жатқан біздің өңірде де бұл жоба аясында ісі көпке үлгі етілетін тұлғалар табылары анық.
Пікір қалдыру