Жамбыл облысында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жергілікті тұрғындар арасында насихаттау мақсатында 67 шара ұйымдастырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі мен салалық басқарма, мүдделлі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бағдарламалық мақаланың «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобаларымен жұмыс қолға алынды.
–Жақында ғана облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Ерлікке тағзым – ұрпаққа парыз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Қазақстандық архив саласында кезек күттірмес мәселелер қаралған жиынға Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Берік Әбдіғали, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жанындағы Қоғамдық Кеңес төрағасы Борис Жапаров, Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің директоры Жәмилә Әбдіқадырова, Польша Республикасының Гданск қаласындағы Поморск генеологиялық қоғамы Президентінің орынбасары, техника ғылымының кандидаты, өлкетанушы Войцех Бещинскии және өзге де өңірлердің архив басшылары мен мамандары қатысып, көтерліп отырған мәселелере қатысты өз ойларымен бөлісті–дейді Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Серікбол Берікқожа.
Бағдарламаның «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы аясында да жамбылдық мәдениет саласы мамандарымен бірге өлке тарихынан сыр шертетін деректі және қысқа метражды фильмдер түсіру мәселесін де мұқият ойластырып жатыр. Дәл осы мақсатта облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы «Үздік сценарийлар», «Жалынды жастық шақ» бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Бұл шараларға аудан әкімдіктері де белсене атсалып жатыр. Меркі ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен өлкедегі тарихи орындар жайындағы деректер фильмнің түсірілімі қолға алынса, Жуалы ауданында жазушы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы желісімен Тұрар Рысқұлов жайында қысқа метражды фильм түсіру жоспарға енгізілді.
Пікір қалдыру