Тұрғындар емхананы таңдай алады

/image/2019/09/16/crop-17_0_426x568_crop-71_4_455x607_crop-16_44_464x760_zhambyl-oblysy-meditsinalyq-uyymdary-meditsinalyq-aqparattyq-dguyesimen-dgumys-d

          Ақтауда 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тұрғындар үшін емханаға тіркелу науқаны жүреді. Яғни, кез келген азамат 2020 жылдан бастап өз қалауымен емделгісі келетін емхананы таңдауына мүмкіндік бар. Сондай-ақ азамат электронды цифрлік қолы болған жағдайда, Egov электронды үкіметінің веб-порталы арқылы емханаға тіркеле алады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының директоры орынбасары Жанетта Керимбаева айтты.

         Электронды тіркелу кезінде қандай да бір кедергі туындаса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тұрғындарғы қызмет көрсету орталығы қызметкерлеріне хабарласуға болады.

Жанетта Керимбаеваның айтуынша, тұрғын өзі тұратын әкімшілік территориялық аймақ шеңберінде  қызмет ететін клиниканың бірін таңдай алады.

-Бұрын бұған шектеу болған жоқ. Дегенмен дәрігерлерді үйге шақыру қызметі бірқатар қиындықтар туғызып отыр. Дәрігерге тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелмеген азаматтың үйіне бару қиынға түседі. Таңдаған емхананың үйге жақын маңда, жаяу жүргенде 15-20 минуттық жерде болғаны дұрыс. Бұл үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді.Егер отбасы мүшелері өздігінен емхананы таңдай алмаса, (балалар, мүгедектер, егде жастағы азаматтар т.б),  ата-ана немесе асыраушысы орнына тиісті төлқұжатпен тіркелуге құқығы бар. Егер бастапқы медициналық көмек көрсететін емхананың жүктемесі көп болған жағдайда, емханадан тұрғылықты мекен жайы алыс болса, тіркеле алмауы мүмкін. Тұрғын өзі таңдаған клиникаға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бара алады. Биыл жыл біткенше бұрынғы емханадан қызмет алуды жалғастыра береді, - дейді Жанетта Керимбаева.

Жанетта Керимбаеваның айтуынша, кез келген тұрғын жылына бір рет өз мекен-жайы аумағында тіркелген емханасын ауыстыра алады. Бір айта кетерлігі, тіркеу науқаны тегін медициналық көмек және әлеуметтікмедициналық сақтандыру шеңберінде қызмет дкөрсетуден үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорындағы медицина ұйымдарының арасында ғана өткізіледі.

Мәліметтер базасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы "Клиника таңдау" бөлімі арқылы танысуға болады.

         Қазіргі таңда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау облысы бойынша филиалы халыққа тегін медициналық көмек көрсететін 51 медициналық ұйыммен келісім шарт орнатқан, оның ішінде 25 жеке меншік мекеме бар. Бұдан бөлек, тағы 4 жеке меншік клиника 2019 жылғы тіркелу дерекқорына қатысуға ниет білдіріп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар