"Не зейнетке кет немесе..." Головкиннің жаттықтырушысы нақты талап қойды

/image/2019/10/07/crop-20_43_345x612_johnathon-banks.jpg

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Джонатон Бэнкс шәкіртінің Сергея Деревянченкоға қарсы өткізген жекпе-жегін талдап берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Sports.kz порталының жазуынша, Бэнкс Геннадийдің шаршы алаңдағы әрекетіне көңілі толмағанын мойындаған.

"Бұл – менің кінәм. Мен оның санасына бұған өмір мен өлімнің мәселесі сияқты қарауын жеткізуім керек еді. Оған не зейнетке кету керек немесе жоспарға сай әрекет ету керек. Оны істей алмаса, мен жігіттерімнің соққы алып жатқанын көргім келмейді. Мен олардың бұдан да қабілетті екенін білем. Бұл үшін кінәні мен өзіме аламын.

Мен Деревянченко қиын "клиент" екенін, кештің ұзақ болатынын айттым. Басында Геннадийдің ширақ қимылдап, ойынға өзінің иелік еткенін қаладым. Геннадий болса, ұзақ жылдан бері қалыптасқан үйреншікті стилінде бокстасты. Оны соққылардан қашуға үйрету қиын. Оны үйрету қолымнан келетініне сенімдімін, бірақ оңай болмайды. Дивизиондағы барлық чемпиондар Геннадийден жас. Егер осы жастармен қалғың келсе, өзіңе тиістіні жасауың керек.

Әр раунд сайын "сен тым шегініп жатырсың" деп айттым. Егер Головкин залда жасаған нәрселерді жүзеге асырғанда, ол көбірек соққы жұмсар еді" деді Бэнкс.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар