Аз қамтылған отбасылардың балаларына қосымша көмектер беріледі

/image/2019/10/07/crop-158_45_360x639_191007100028863a3572639i.jpg

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізумен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады», – деді министр.

Оның атап өтуінше, оқушы балалар үшін мектепте тегін ыстық тамақты, күнделікті мектепке барып-келу тегін жол жүруді, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын алуды мемлекет есебінен беру көзделеді.

«Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетілетін болады. Егер көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, аз қамтылған отбасы мәртебесінде қала беретін болса, ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады», – деді Б.Нұрымбетов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар