Атақты футболист Ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708185933865_small.jpg

Тоголездік атақты футболист Эммануэль Адебайор Ислам дінін қабылдады. Спортшының Алланы бір деп танып, шахада айтқан сәті интернетке кең тарап кетті.

Ағылшынның «Тоттенхэм» клубының шабуылшысы Эммануэль Адебайор 31 жаста. Ислам дінін қабылдау кезінде ақ түсті сүннет киіммен келген ол имамға ілесіп, «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» кәлима-шахадасын ерекше ықыласпен қайталады.

Эммануэль Адебайор осы уақытқа дейін «Арсенал», «Манчестер Сити» және «Реал Мадрид» христиан сенімін ұстанып, әлеуметтік желілерде шіркеу қызметкерлерімен түскен суреттерін қойып, осы мазмұндағы пікірлер жазып келген. 

ummet.kz

Қатысты Мақалалар