Жамбылда елді мекендер кезең-кезеңімен газдандырылуда

/image/2019/10/09/crop-10_7_433x774_big_f0c48201b2bfef5f.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасында» елді мекендерді газбен қамтамасыз етуді жалғастыруға айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Баянды бастамалар аясында Жамбыл облысында да іс-шаралар жоспары бекітіліп, атқарылатын жұмыстардың ауқымы кеңейіп келеді.

Бүгінде Әулиеата өңірінде 377 елді мекен бар. Оның ішінде 181 газдандырылған. Яғни, көгілдір отынмен қамтамасыз етілген елді мекендердің көрсеткіші 48 пайызды құрап отыр. Болашақта, дәлірек айтқанда 2019-2027 жылдары 196 елді мекен газдандырылады деп күтілуде. Сонда облыс бойынша қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрамақ.

Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде өңірде 133 елді мекен газдандырылған. .

2019 жылы елді мекендерге газ келтіру құбырының құрылысына Республикалық және облыстық бюджеттен 6,1 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл жобалар толық іске асқан кезде 5 ауданның 81 елді мекенінде тұратын 101 мың адамның жағдайы жақсаратын болады. Атап айтқанда Шу ауданының 18 елді мекенінде 22 130 адам, Жамбыл ауданының 13 елдімекенінде 12 631 адам, Жуалы ауданының 15 елді мекенінде 9 457 адам көгілдір отынға қол жеткізбек. Сонымен қатар Сарысу ауданының орталығы- Жаңатас қаласына дейін салынатын газ келтіру құбырының құрылысына 3 миллиард теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде 14 елдімекендегі 39 539 адам жұл ауқымды жұмыстың игілігін көрмек. Осы орайда Жаңатас қаласына дейін тартылатын құбыр құрылысына 2020 жылы қалған 4,7 миллиард теңге жоспарланғанын айта кету керек. Оның ішінде тек қана республикаға қарамай, Байзақ ауданының 21 елді мекеніне газ келтіретін құбыр құрылысына облыстық бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлінді.

Елді мекендердің ішінде газ тарататын құбыр құрылысына жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға 2019 жылы облыстық бюджеттен 52 820 мың теңге бөлініп, 5 238 адамды орталықтандырылған газ торабына қосу қарастырылуда. Бұл тізімге Жамбыл ауданынан – 5 елді мекен, Жуалы ауданынан 7 елді мекен, Шу ауданынан 2 елді мекен еніп отыр. Жыл соңына дейін Талас және Сарысу аудандарынан 9 елді мекенді орталықтандырылған газ торабына қосып, газдандырылған елді мекен санын 190-ға жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл тұрғыда елді мекендерді газбен қамтудың үлестік саны 50 пайызды құрайтын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар