Жамбылда жатақханалар құрылысы жандануда

/image/2019/10/09/crop-17_12_645x968_2019_05_03_kurylys-4.jpg

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мен сайлау алдындағы бағдарламамда бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажеттігін айтқан болатынмын.

Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру.

Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет»деп атап көрсетіп, бұл бағытта бірқатар міндеттерді айқындап берген болатын.

Расында да бұқараны баспанамен қамтуды билік назардан тыс қалдырған емес. Бұл бағытта Тараз қаласында да жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 181,5 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 117,1 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылы 155,0 мың шаршы метр деңгейінде қалыптасқан болатын. Есепті кезеңде қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны – 17 643 адам болып отыр. Оның ішінде: көп балалы отбасылар – 1489 болса, 29 жасқа толмаған жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар саны – 1935. Сонымен қатар әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар 8513 болса, мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлер – 5706.

Бүгінде Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта республикалық бюджет есебінен жартылай арендалық және жартылай аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 80 пәтерлі 4 тұрғын үйлердің және облыстық бюджет есебінен 80 пәтерлі 1 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы 15-ші мөлтек ауданында 80-пәтерлі 10 несиеге берілетін тұрғын пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аталған алқапта, жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығару жолымен 60-пәтерлі 11 кредиттік үйлердің құрылыстары жүргізіліп жатса, тағы да 80 пәтерлі 11 арендалық тұрғын үйдің құрылысын бастауға қалалық бюджеттен 22,0 млн. теңге қаржы қарастырылды. Бұдан бөлек, кезекте тұрған көп балалы аналарға арналған «Арай» тұрғын алқабы мен «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 8 шағын жатақханалардың құрылысын облыстық бюджет есебінен қаржыландырып, ағымды жылы пайдалануға беру көзделуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар