Көне шаһар көркейе түсуде

/image/2019/10/09/crop-9_8_462x743_taraz-1-768x477.jpg

Кейінгі жылдары Жамбыл облысының орталығы-Тараз қаласы адам танымастай өзгерді. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің тың тапсырмаларының нәтижесінде көне шаһарда көз тойып, көңіл толатындай көп жұмыс атқарылуда. Сәнді субұрқақтар, келісті көшелер, ажарлы аллеялар-осы сөзіміздің бір дәлелі. Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстардың бір сәтке де толастаған емес.

Мысалы, биылдың өзінде қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 1 миллиард 870,8 миллион теңге бөлінді.

Есепті кезеңде 27 дана қураған апатты талдар түбінен және 11 086 ағаштың қураған бұтақтары кесілсе, 298 тал ағаштары балақталды.

Бұдан бөлек, қала көшелерінің бойындағы 11640 талдар әктелсе, 2004 электр бағаналары, 170 гүл сауыттары, 396 қоғамдық орындықтар, 290 қоқыс тастайтын жәшіктер, 200 мың шаршы метр аялдамалар және 4836 шаршы метр қоршаулармен турникеттер сырланды. Автокөліктермен көше бойындағы 5240 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар және 3040 текше метр кездейсоқ күл-қоқыстар шығарылса, 5,8, мың шаршы метр жер қолмен тазаланды.

2019 жылы ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына 148,0 миллион теңге қарастырылған. Есепті кезеңде Саңырақ батыр көшесінен Байзақ батыр көшесі аралығындағы дренаждық каналының 1700 метр арнасы, Ы.Дүкенұлы көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейінгі Әшімбаев көшесі бойындағы «Қарасу-2» каналының 980 метр арнасы, Асқаров көшесінен «Бурыл» стансасына дейінгі аралықтағы «Қапал» каналының 650 метр арнасы механикалық тазаланды.

Қала бойынша жалпы 8 канал бар. Олардың ұзындығы - 82,55 шақырымды құрайды. Оның ішінде: «Сеңкібай» каналы 10 шақырым, «Қапал» каналы 10 шақырым, «Үшбұлақ» каналы 13,9 шақырым, «Қарасу-1» каналы 3,35 шақырым, «Қарасу-2» каналы 12,4 шақырым, «Төрегелді» каналы 5,7 шақырым, «Базарбай» каналы 3,2 шақырым, «Түйте» каналы 24 шақырымды құрайды.

Дренаж каналының саны екеу. Олардың ұзындығы 12,7 шақырым шамасында. Мысалы, «Оңтүстік құрғату» каналы 10 шақырым, «Тайвань алқабын құрғату» каналы 2,7 шақырым.

Қаланың ирригациялық арық жүйелерінің жалпы ұзындығы - 164 шақырым. Оның ішінде: лоток жүйесі - 21,4 шақырым, суармалы жерлердің көлемі – 9,1 шақырым. Гидротехникалық құрылғылар саны - 24 дана, құбыр өткелдердің саны - 560 дана, каналдағы су қалқаншасының (шлюз) саны - 71 дана, арық жүйесіндегі су қалқаншасының саны - 120 дана.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар