Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Египеттегі ахуалдарға шолу жасады. Онда түрік Президенті Египеттің негізгі басшысы Мохаммед Мурси екендігін айтып, ал қазіргі билік басындағыларды окуппанттар деп айыптады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Түрік радиосына» сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сондай-ақ, түрік лидері өзінің мәлімдемесінде египеттік содырлар тарапынан «Мұсылман бауырлары» ұйымының 13 мүшесін нақақ өлім жазасына кесілгендігін сынға алған.
«Мен ас-Сиси-ге қарсы шыққаным үшін мені көбі кінәлайды екен. Мен елімдегі демократияға және халқымның еркіндігіне сенген екенмін, мен адам бостандығын, еркіндігін тұмшалаушылармен табандылықпен күресетін боламын. Қайталап айтамын, Египеттің нағыз Президенті – Мохаммед Мурс. Ал қазіргі билік басындағылар басбұзарлар мен содырлар. Окуппанттар»,- деді Тайып Ердоған.
Египеттің қазіргі билігі «Мұсылман бауырларының» соңына түскен. 1 шілде күні жерглікті полиция Каир маңындағы «Мұсылман бауырларының» үйіне шабуыл жасап, онда ондаған мұсылманды қырып тастаған. Олардың ішінде, бұрынғы билік басындағылар, парламент депутаттары, Мұсылман бауырларының ең басты заңгері Нассер әл-Хафи де бар болатын. Олардың барлығы да шейіт болған. Жергілікті және халықаралық БАҚ-та қаза тапқандардың барлығы да қарусыз болғандығы айтылуда,-деген түрік Президенті Р.Ердоған.
Нұрзат Тоғжан