Мемқызметтер цифрландырылады

/image/2019/10/09/crop-33_74_334x593_1-10-19-new.jpg

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев барлық мемқызметтерді цифрландыру міндетінің алдыға қойылып отырғанын хабарлады, деп жазады almaty.gov.kz.

Қалалықтар үшін ақпараттық жүйенің қолжетімділігін барынша жеңілдету және қаланың барлық тыныс-тіршілігінің бірыңғай базасын жасау бүгіндегі басты мақсаттардың бірі. Цифрландыру мемлекеттік органдардың ашықтық және тұрғындардың хабарлану деңгейін арттырады.

– Қазіргі кезде біз қаланың барлық нысандарына мониторинг жүргіземіз, сол арқылы жол жөндеу, инфрақұрылымдық желілерді тарту, мектептердің, бала бақшалардың, ауруханалардың шоғырлануы және басқалары бойынша көрсетілген сервистік жұмыстарды біліп отырамыз. Енді бұл бағытты одан әрі жетілдіріп, оның операциялық даму процессіне қала тұрғындарын кеңінен тарту үшін бірқатар шараларды жүзеге асырамыз, – деді Б. Қоңырбаев.

Цифрландыру басқармасында бірнеше бөлімдер болады, олар: жобалауды басқару, процесстік даму және өзгерістерді басқару, мәліметтерді басқару.

Сонымен қатар, студенттер мен түлектерді цифрландыру процессіне тарту үшін техникалық университеттер және кәсіби колледждермен ынтымақтастық орнатылатын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар